Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент Жарылығында.
Ол бұл қызметте БҚО-ны 2019 жылдан бері басқарған Ғали Есқалиевті алмастырды.
Төреғалиев 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995) болып бастады.
«Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);
«Акжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры (2002-2003);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
Орал қаласының әкімі (2016-2017) лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.