Қаңтар айында елімізде нан бағасы 0,1%-ға өскен, деп хабарлайды ENEGRYPROM сайты.
Биыл қаңтарда 45 мың тонна нан өндірілді, бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 22,9%-ға төмен. Былтыр да жаңа піскен нан өндірісі 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1%-ға төмендеген болатын.
Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 614,2 мың тонна жаңа піскен нан өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 13,8%-ға төмен.
Жаңа піскен нанның жартысына жуығы үш өңірге тиесілі. 2021 жылдың қаңтарында 11,6 мың тонна нан пісірген Түркістан облысы көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарға Алматы (5,5 мың тонна) және Ақтөбе (4,5 мың тонна) облыстары жайғасқан.
Бір ай ішінде нан 0,1%-ға, жылына 5,7%-ға қымбаттады. Жыл бойынша салыстырсақ ең қатты қымбаттаған жоғары сортты ұннан жасалған бидай наны болып шықты. 2020 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың қаңтары аралығында бағасы 10,3%-ға өскен. Қарабидай нанының бағасы 9,8%-ға артқан.
Сондай-ақ аз қамтылған азаматтарға арналған бірінші сортты ұннан жасалған «әлеуметтік» нан жылына тек 3,7%-ға қымбаттаған.