26 сәу, 2021 сағат 20:14

Мусин: Шекарадан өткенде сауалнама смартфонмен толтырылатын болады


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстанда шекарасында енді сауалнама смартфонмен толтырылатынын айтты. Бұл туралы министрі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім. Бір айта кетерлегі, осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін енгізеді екен! Қолмен! Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз! Веб-ресурс қолжетімді, онда тұтынушы сауалнаманы алдын-ала толтырады. Мұндай қызметтер Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Тек QR-кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз. Эпидемиологтар жұмыстан кейін отырып, мәліметтер базасын толтырудың орнына сол уақытын туыстары мен достарына арнаса дейміз! Магнум компаниясының ұжымына және жобаны іске асырған әлем мектептеріне (Дагар мен Артем) алғысымды білдіргім келеді», - деп жазды Мусин.