Цифрлық даму және аэоғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы Facebook-те жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Кеше Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдім, бірқатар нысандарды аралап өттім. Жалпы алғанда өңірдің технология мен цифрландыру тұрғысынан қалай дамып жатқанын білу маңызды.
Президент KPI-да 2025 жылға қарай Қазақстанда 100 000 жоғары білікті IT-маманды дайындауды белгілеген болатын. Біріншіден, біз кадрларды жастайынан қалыптастыруымыз қажет. Оған мысал ретінде облыстың 2500-ден астам балалары мен студенттерінің түрлі саладағы, соның ішінде робототехника, бағдарламалау, ғылым, стартаптар және т.б. баратын жеріне айналған Петропавл Оқушылар сарайын айтуға болады. Әзірге олардың білімі қызығушылық деңгейінде, бірақ болашақта жақсы нәтижелерге жетіп мен бұдан да жоғары деңгейге өсу мүмкіндігі бар.
Мен инкубациялық жобалармен де таныстым. Мысалы, Майнкрафт - балалар арасында өте танымал ойын, онда петропавлдық мектеп оқушылары өз қаласындағы нысандарды салады. Мен Minecraft сияқты ойындарды қосымша білім ретінде қолдануға болатынын айта кеткім келеді, онда балаларға математиканы, әдебиетті, биологиядағы модельдеу жүйелерін және т.б. үйретуге болады. Бұл қиял сияқты көрінуі мүмкін, бірақ Еуропа мен АҚШ-тың бірқатар мектептерінде Minecraft оқу үрдісіне сынақ ретінде енгізген. Петропавлдық мектеп оқушылары жобасының тағы бір мысалы ретінде жеке суару жүйесінің жасалуын айтуға болады, оны жақын арада орталық аумақта енгізу жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығымен танымал, менің ойымша, бұл бағытта IT жобаларды дамыту қажет. Фермерден кассаға дейінгі мердігерлердің ұзақ тізбегін айналып өтіп, ауылды қаламен байланыстыру маңызды. Жергілікті мектеп оқушыларының дайын жобасы бұл мәселені шеше алады.
Облыс әкімімен Qumar Aqsaqalov Оқушылар сарайының базасында бағдарламалау мектебін ашуға келістік. Облысты цифрландыруға атсалысқаны үшін Құмар Ырғыбайұлы Ақсақаловқа алғыс айтамыз" - дейді министр.
Ол облыстық IT қоғамдастықтың өкілдерімен кездесіп, цифрлық даму, мемлекеттің рөлі және стартаптарды қолдау жөнінде пікір алмасқанын даайтты.
"Мұндай кездесулер әсіресе аймақтық IT мамандарының "кемшіліктерін" түсіну үшін маңызды. Біз өз тарапымыздан осы саланы қолдауды күшейтеміз, өңірлерде стартаптардың "ұңғымасы" жиналуда" - деп жазды Мусин.
Сондай-ақ министр алғашқы отандық компьютерлік техниканы шығарумен аты шыққан Киров зауытында болған. Соңғы 2 жылда зауыт 60 мыңға жуық компьютерлік техника – компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер шығарған.
"Компьютерлік техника, автоматика құрылғылары, телемеханика және арнайы байланыс құралдарынан басқа, зауытта ZIK-SKUD бағдарламасын басқару және бақылау жүйесін әзірлеген. Жүйе электронды құлыптардың, турникеттер мен шлагбаумдардың жұмысын басқаруға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын қызметкерлері жүйені интеллектуалды бейнебақылау жүйесімен және бет-әлпетті танумен интеграциялау бойынша жұмыс жасауда. «ЗИК-СКУД» құны бүгінде ең жақын шетелдік аналогтардан 30-50% арзан.
«Зенченко» цифрлық шаруа қожалығында да болдым. Олар өндіріс өнімділігін еселеп арттыратын процестерді цифрландырып, автоматтандыруға қол жеткізді. Цифрландырудың арқасында әрбір сиырдың сүттілігі, саулығы, құнарлылығы және бүкіл табынның азықтандыруы туралы толық деректер бере отырып, сүт өндіру мен мінез-құлқының жан-жақты бейнесін алуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысының Трудовое ауылында 751 адам тұрады, ұялы байланыс бар. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» ауыл тұрғындары үшін әкімдікте eQoldau қоғамдық қолжетімділік нүктесін орнатты. Қазірдің өзінде еліміздің 533 ауылында мұндай ПОД орнатылған. Олардың көмегімен ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтер мен қызметтерді электронды форматта ала алады, қаржылық операцияларды жүзеге асырады, дәрігердің қабылдауына жазылады, базарлардан тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беріп, сатып алады" - деп түйіндеді Мусин.