13 сәу, 2022 сағат 14:58

Мұнайдың бір баррелінің құны 200 долларға дейін жетуі мүмкін - министр


Мұнайдың бір баррелінің құны 200 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілісте тілшілер министрден мұнай бағасы қандай деңгейге дейін қымбаттауы мүмкін екенін сұрады. 

«Барлығы геосаяси ахуалға байланысты. Бір баррельдің құны 200 долларға дейін жетуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Кезінде Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак мұнайдың баррелінің құны 350 доллар болуы мүмкін екенін айтқан еді. Бұл салада түрлі сценарийлер бар», - деді Ақшолақов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан 87,5 млн тонна мұнай өндіреді, оның ішінде ішкі қажеттілік - 18 млн тонна. 

«Мұнайдың елеулі бөлігі экспортқа шығады. Сондықтан мұнайды қымбат бағаға өткізуден ұтарымыз анық», - деді министр.