01 мау, 2021 сағат 21:36

Brent мұнайының бағасы барреліне 71 доллардан асты


Мұнайдың әлемдік бағасы сейсенбіде 2-3%-ға өсті. Бұл туралы ТАСС агенттігін хабарлады.

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 8 наурыздан бастап алғаш рет барреліне 71 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды сауда мен бизнес дереккөздері. 

Мәскеу уақытымен 15.18-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 2,48%-ға, яғни барреліне 71,04 долларға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 8 наурыздан бастап алғаш рет осындай деңгейде. WTI шілде фьючерстері 3,29%-ға, барреліне 68,5 долларға дейін қымбаттады.