Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерсінің құны алдыңғы сауда-саттыққа қарағанда 0,42%-ға өсіп, барреліне 57,07 долларға жетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Бұған аталмыш биржаның деректері дәлел.
Brent маркалы мұнай 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 57 доллардан асты.
WTI маркалы мұнай 0,83% -ға қымбаттап, барреліне 53,68 долларға жетті.
Ал Brent маркалы мұнай барреліне 57,08 доллар (+0,88%) деңгейінде саудалануда. WTI мұнайы барреліне 53,66 доллар (+0,79%) деңгейінде сатылуда.