21 шіл, 2023 сағат 09:04

Мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесу туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен, сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге, оның ішінде теңіз арқылы заңсыз шығару арнасының жолын кесті.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр" - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.