Мұнайдың әлемдік бағасы кейінгі жұмада "омикрон" коронавирусының жаңа штамының пайда болуы туралы жаңалықтарға байланысты өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақытымен 09.20-дағы жағдай бойынша Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері 4,552 пайызға, барреліне 76,03 долларға дейін, WTI-де 5,517 пайызға, барреліне 71,91 долларға дейін өсті.