10 қар, 2021 сағат 11:08

Мұнай, газ және өзге де қазба өндірісінде теріс көрсеткіштер сақталуда – ҰЭМ


ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тау-кен өнеркәсібінің негізгі нәтижелерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тау-кен өнеркәсібінде өсудің оң аймағына шығу байқалуда. Жыл басынан бері сала бойынша өндіріс көлемі 0,1%-ға ғана артты», - деді Ә. Ерғалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министр атап өткендей, салалар бойынша өндіріс металл кендерін өндіруде 4,1%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 2,1%-ға, көмір өндіруде – 0,2%-ға өсті. 

«Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталуда», - деді Ерғалиев.