Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 100 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ICE мәліметтері бойынша, 10:30-да қыркүйек фьючерстері барреліне 7,2%-ға дейін құлдырап, 99,37 долларға жетті. Бұл – 2022 жылғы наурыз айының басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
ОПЕК-тің ай сайынғы есебінде 2023 жылы мұнайға сұраныс тәулігіне 2,7 миллион баррельге дейін төмендейтіні болжанып отыр. 2022 жылы болжам тәулігіне 3,4 млн баррель деңгейінде қалды.
2023 жылы мұнайға деген сұраныс негізгі тұтынушы елдердегі тұрақты экономикалық көрсеткіштермен, сондай-ақ геосаяси оқиғалардың жақсаруымен және Қытайдағы COVID-19 таралуын болдырмаумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
ОПЕК-ке кірмейтін елдердегі өндіріс биыл күніне 2,15 миллион баррельге артуы мүмкін. Ал 2023 жылы – күніне 1,71 миллион баррель.
Ал Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 120 мың баррельге артып, 1,95 млн баррельге жетеді деп күтіліп отыр.