22 мау, 2021 сағат 10:35

Мұнай бағасы 2019 жылдан бері алғаш рет барреліне $75 жоғары көтерілді


Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 2019 жылдан бері алғаш рет $75-дан жоғары көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы 0,16%-ға өсіп, барреліне 75,02 долларға жетті. 

Соңғы рет Brent бағасы 2019 жылдың cәуірінде барреліне 75 долларға көтерілген болатын.

WTI маркалы мұнай бір баррелі үшін 73,14 (+0,03%) долларға қымбаттап отыр.