Батыс Қазақстан облысына келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, бірқатар кәсіпорынға барды.
Бұқтырылған ет өндірумен аты шыққан «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде облыстағы ең ірі кәсіпорындардың қатарында. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары аясында мемлекеттен қолдау көріп отырған серіктестіктің жылына 5,5 мың тоннаға дейін ет өндіруге толық мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда кәсіпорын өз өнімдерін еліміздің бірнеше аймағына жөнелтіп отыр. Сондай-ақ, Ресей, Иран сияқты ірі мемлекеттерге экспорттап, өңірде экспорттық-бағдарлық өндірістің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездескен Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасымыз айқындап берген Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыруда «Кублей» серіктестігінің үлесі мол екенін айтты.
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп отырған облыстағы ірі кәсіпорындардың тағы бірі «Стекло-сервис» ЖШС де өз өнімдерін экспорттауда зор табысқа қол жеткізуде. Термотөзімді әйнек пен көпқабатты оқшаулағыш бұйымдар дайындайтын компания өнімдерін Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен қатар, көрші Ресей Федерациясының бірнеше аймағынашығарады «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сапалы өнім өндіріп отырған кәсіпорынның жұмысыналайықты бағасын беріп, мұндай жоғары технологиялық өндірістің келешегі зор екенін тілге тиек етті.
Осы ретте Елбасымыздың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша тек Батыс Қазақстан облысына 340 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 30 жоба нақты жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Соған орай өңірде жаңа кәсіпорындарға білікті, кәсіби маман даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан келгенде Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің алар орны ерекше. Сондықтанпартия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының дуальді оқыту жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасының табысты орындалуын қадағалау мақсатында аталған оқу орнына арнайы барды.
– Елбасымыздың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан дуальді оқыту жүйесінің басты ерекшелігі – жас талапкердің теориялық біліммен қатар, практикалық білімді де толық игеріп шығуына жағдай жасау. Сондықтан 3-4-курсқа барған студенттер аз сағатқа болса да жұмысқа тұрып, тиісті жалақысын алып отыруы керек. Бұл жастарымыздың білікті маман болып шығуына зор ықпалын тигізетін бастама. Екіншіден, колледжден кейін жоғары оқу орнына түскісі келген жастар бірден екінші немесе үшінші курстан қабылдануы тиіс. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Сондай-ақ, партия Төрағасының Бірінші орынбасары жергілікті оқу орындары мұнай-газ саласына маман даярлаудың көлемін азайтып, көп салалы техникалық мамандықтарға басымдық беруі керектігін айтты. «Себебі, Батыс Қазақстан Елбасы айтқан экономиканы әртараптандыру бойынша Астанаға ғана жол беріп, облыстар арасында көш бастап тұр. Бүгінде облыс кірісінің 42 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі болуы соның айқын дәлелі. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалана білу керек. Бұл ретте білікті маман даярлаудың да маңызы жоғары», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Сонымен қатар сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 180 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты.