Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алған полиция инспекторы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген полиция қызметкері мен әскери қызметші ауыр жарақат алып, кейбірі қаза тапқаны баршаға белгілі. Дәл сол күндері қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет етуге шыққандардың бірі - Ғазиз Нұрғалымов. Ол - Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.
Тәртіпсіздіктер кезінде бұзақы топтың тепкісі астында қалған полиция аға лейтенанты бүгінде қалалық ауруханалардың бірінде ем алып жатыр.