© Photo : Pixabay / TeroVesalainen /
Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде салық органдары мобильді аударымдар көп түсетін азаматтарды тізімге алып, салық салады деген ақпарат тараған болатын.
Алайда Vәжіліс кулуарында Жамаубаев мұны жоққа шығарды.
"Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасу жұмысын жолға қойып жатырмыз. Әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Сол себепті алдымен бақылайық, қоғамды дүрліктірмейік. Өйткені бұл - 2025 жылға дейін жасалатын жоспарлы жұмыс. Адамдарға да, бизнеске де ешқандай тексеріс, қысым болмайды. Мен кепілдік беремін", - деп сендірді Жамаубаев.