Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.