11 қаз, 2021 сағат 16:00

Министрлік журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын әзірледі



Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» әзірледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.

«Осыған байланысты, регламентті одан әрі жетілдіру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырады. Ескертулер мен ұсыныстарыңызды a.mukazhan@qogam.gov.kz эл.поштасына жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды қабылдау осы жылдың 25 қазанына дейін жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Регламент жобасын мына сілтеме бойынша оқып шығуға болады.