Фото: Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады.
2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын айта кеткен жөн. Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз" - делінген хабарламада.