ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде дизель нарығындағы тенденциялар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалып, әсіресе тамызда сұраныс жоғары болды. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тонна, ал 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тонна артық. Елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағ мұндай рекордтық көрсеткіш тіркеліп көрген жоқ. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз тұтынуға нарығында осындай жағдайды байқадық», - деді департамент директоры.
Оның айтуынша, тұтынудың өсуіне бір жағынан транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы әсер еткен.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Ресеймен салыстырғанда 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде транзиттік жүк көліктерінің бәрі біздің елдің аумағында жанармай құяды. Ірі жанарма құю стансаларының ақпараты бойынша, қалалық стансалар шамамен 70% бензин мен 30% дизель отынын сатады, ал үзақ жолдың бойындағы орналасқан стансаларда керісінше дизель көп сатылады», - деді Бауыржан Сәлімгереев.