24 там, 2021 сағат 14:24

Министрлік БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеуге қатысты түсініктеме берді


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоның мәлімдеуінше, жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерген.

«Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және ағымдағы жылдың қыркүйек айында оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін ағымдағы жылдың соңына дейін шешу көзделіп отыр», делінген хабарламада.

Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.