Фото: Шымкент ТЖД
Мамандар Шымкенттегі ауруханааралық дәріхана қасақана жарылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Онда дәрілік заттарды өндіруге көп мөлшерде химиялық заттар сақталған. Қалай болғанда да, сутегі асқын тотығы, нұсқалардың бірі ретінде, себеп болуы мүмкін.
Тағы бір нұсқа - жедел-іздестіру шаралары барысында күзет компаниясы қозғалыс болғанын тіркеген. Нысандағы датчиктер іске қосылған. Басқа нұсқа да қарастырылып жатыр, қасақана жасалуы мүмкін", - деді Ильин үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистер сұрағына жауап беріп.