Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев отбасының азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат отырысында журналистер министрден отбасы бюджеті туралы сұрады.
"Бұл мәселе журналистерді неге сонша қызықтыратынын түсінбеймін. Біз де қарапайым адамдар сияқты өмір сүріп жатырмыз. Басқа отбасылармен бірдей ақша жұмсаймыз деп ойлаймын. Әрине, бір айға 50 мың теңгеге азық-түлік алмаймыз. Айына 200 мың теңгеге жуық ақша жұмсаймыз", - деп жауап берді Мағзұм Мирзағалиев.