23 қар, 2022 сағат 13:45

Министр Қуантыров Мәскеу биржасындағы теңге саудасы туралы айтты


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәскеу биржасындағы инвесторлардың қызығушылығы қазақстандық валютаға қалай әсер ететіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Мәскеу биржасында теңге саудасы көлемінің 4,2 миллиард рубльден асуы Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін сұрады.

"Ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ, валюта Мәскеу биржасында саудаланып жатыр, бұл - жақсы көрсеткіш. Бұл теңге сұранысқа ие екенін білдіреді. Менің ойымша, бұл үрдіс теңгенің рубльге және басқа валюталарға шаққандағы бағамын нығайтады, инфляцияға да жақсы әсер етеді, өйткені біз де кейбір тауарлар мен азық-түлік тауарларын импорттаймыз. Бірақ рубльдің теңгеге қатысты тепе-теңдігіне келетін болсақ, бұл теңгенің нығаюына оң әсер етеді", - деді Қуантыров журналистер сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар, министр теңге тұрақты динамика көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Көріп отырсыздар, егер қандай да бір дүрбелең кезеңдерді қарамасақ, теңге айтарлықтай тұрақты динамикаға ие. Осы жыл теңгенің айтарлықтай тұрақты, күшті валюта екенін көрсетті және түрлі факторлар әсерінен теңгенің рубльге қатысты құнсыздануы байқалды", - деді министр.