19 сәу, 2022 сағат 12:55

Министр Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару туралы айтты


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып, барлық ақпаратты талдап жатыр. Қаржы мониторингі агенттігіне 8-ге жуық істі тапсырдық, олар соталды тергеу жүргізіп, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғаған болуы керек", - деді Жамаубаев.

Ол Бас прокуратурада 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты.

"Шығын көлемі шамамен миллиард долларға бағаланады, бірақ олар (ҚМА - еск.) толығырақ ақпаратты өздері де бере алады", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына Қазақстаннан заңсыз қаржы шығаруға қарсы жұмыс туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп, 28 миллион долларға бұғат қойылған.