02 мау, 2021 сағат 16:10

Министр 5 мың шақырым жолды ақылы жүйеге қосу неліктен кейінге шегерілгенін айтты


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2021 жылдың 1 маусымынан бастап 5 800 шақырым жолда неліктен ақы алу жүйесі ісе қосылмағандығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 1 маусымынан бастап жолдарда ақы алу жүйесін енгізу жоспарымызда болған. Ақылы жолдарды іске қосу үшін бүкіл автоматика жүйесі дайын болуы тиіс. Қазіргі таңда 5 800 шақырым жолда автоматика жүйесі орнатылып, тестілеуден өткізілді. Содан мамыр айында ақылы болатын жолдардың сапасына тексеру басталған еді. Оның бәрі әлі ақталмады. Біраз жерде қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әрбір учаскені тексеріп, актімен қабылдап алуымыз керек. Содан кейін ғана ақы алу жүйесі енгізіледі» - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның атап өтуінше, 1 маусымнан бастап аталған жолдарда ақы алу жүйесінің енгізілетіндігі туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы жариялаған. Бірақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы бұйрықпен мұндай шешім қабылдамаған.