24 мам, 2022 сағат 23:51

Миллиард теңге. Піл азу тістерін Қазақстаннан Қытайға өткізбек болғандар ұсталды

Иллюстрация: gov.kz

Қазақстаннан Қытайға құны миллиард теңге болатын піл пен мүйізтұмсық азу тістерін алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Қытай Халық Республикасына піл мен мүйізтұмсық тістерін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Мамандар олардың салмағы 5 тонна, құны бір миллиард теңгеден асатынын айтты", - деп хабарлады прокуратура.

Ежелгі жануарлардың сүйегі Қазақстанға Якутиядан (Ресей) әкелінгені белгілі болды. Қазақстан азаматы заттарды әкетуге лицензия алу үшін аккредитациясынан айырылған ресейлік маманға жүгінген.

"Бас көлік прокуратура ресейлік әріптестерімен бірге сотталушының кінәсін қажетті дәлелдеді. Айыптаушының бастамасы бойынша сот Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы жеке қаулы шығарды", - деп түсіндірді прокуратурада.

Енді Білім және ғылым министрлігі комиссия құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерін енгізуі тиіс екені хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты сотталушыны 4 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Тістердің негізгі бөлігін Қазақстан Ұлттық музейіне, ал қалған бөлігін заңды иелері якут кәсіпкерлеріне берілді.