Фото:instagram.com/kris.p.almaty.official
Алматыда көршілес елдерден келіп жатқан мигранттардың саны артып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар қалалық көші-қон басқармасында саусақ ізін алатын жердегі ұзын-сонар кезекке шағымданды.
"Көші-қон қызмет орталығы. Адамдар саусақ іздерін беру үшін екі күн кезекте тұрады. 1000 адамға бір аппарат жұмыс істеп тұр", - дейді Kris.p.almaty.official.
Алматы қалалық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, соңғы бірнеше күнде қалалық көші-қон басқармасына көршілес елдерден шетел азаматтары көп келіп жатыр. Полицейлер мұны жұмыс маусымының басталуымен және карантиндік шаралардың әлсіреуімен байланыстырады.
"Көші-қон қызмет орталығында саусақ ізін анықтайтын екі аппарат бар. Бұл функцияны сот-медициналық сарапшылар атқарады. Шетелдік азаматтардың саусақ ізі одан әрі тіркеуге тұру үшін қажет. Бұл кеңсе әдеттегідей штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Соңғы екі күнде шетелдік азаматтар көп келіп жатыр, осыған байланысты қазіргі уақытта жақын маңдағы аудандық ішкі істер бөлімдерінде балама ретінде қосымша дактилоскопиялық кабинеттер ашылды", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматы полициясы мигранттар үшін саусақ ізін алатын қосымша үш бөлімше ашылғанын мәлімдеді. Олар Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандық ішкі істер бөлімдерінде ашылған.
647 рет оқылды