25 мам, 2021 сағат 15:13

Мейрамхана сатып алмақ болған өскемендік алаяққа 135 млн теңге берген


Өскемен қаласында мейрамхана сатып алмақ болған кәсіпкер 135 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан кәсіпкер мейрамхана сатып аламын деп алаяққа алданып қалғанын жеткізді. Ол өзін жылжымайтын мүлік иесі ретінде таныстырған әйелге 135 500 000 теңге берген. 

«Әйел адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас фактілер табылды. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық инстанция қаулыны еш өзгеріссіз қалдырды.