19 қыр, 2022 сағат 14:14

Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзарды


Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық соттың мәліметінше, танымал блогер тағы бір ай қамауда отырады.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 күнге ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды", - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, 10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Кейін Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр.

Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Ол әлі іздестіріліп жатыр.