Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітінен садақа жәшігі ұрланды, – деп хабарлады Aktobenews.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға қазан айында болған. Мешітте әйелдер мен балаларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық жәшігі қолды болды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғынды ұстады.
Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мешітке келушілердің айтуы бойынша, күдікті деструктивті «салафиттік» діни ағым жақтаушысы, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.