Фото: Polisia.kz
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сотта күдікті өз кінәсін ішінара мойындаған. Судья «ер адамның кінәсі дәлелденді» деп, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.
«Талғат Ахметов әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын, 5 тәулікке қамаққа алу жазасы қолданылсын», — делінген хабарламада.
Сотта 42 жастағы Талғат Ахметовтің бұған дейін де әкімшілік жауапқа тартылғаны және ол мешіт қызметкері емес екені белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Талғат Ахметов мешітте Эммануэлла Наурызбаева деген қызға «бір реттік неке» ұсынып, төсек қатынасына шақырған.
