06 сәу, 2020 сағат 20:36

Мешітте коронавирус анықталды: Фейк-ақпарат таратқан әйел істі болды

Әлеуметтік желіде Шымкент мешітінде коронавирус жұқтырған адам анықталғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалған ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған. Оны полицейлер әлеуметтік желілердегі ақпараттарға мониторинг жүргізу барысында анықтаған. 

«Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарламаны таратты деген күдікпен 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, Әл-Фараби аудандық ПБ тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген мәліметте.