Фото: instagram.com/rollsroycecars
Mercedes және Rolls-Royce жүргізушілері газ үшін көбірек төлеуі керек. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Президент қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін сіз өңірде сұйытылған газға сараланған тариф енгізу қажеттігін айттыңыз, "Мерседес", "Роллс-Ройс" және басқа да қымбат көліктердің жүргізушілері Chevrolet және Lada автокөліктерін тізгіндейтіндерге қарағанда көбірек төлеуі керек пе", - деп журналистер сауал қойды.
"Иә, менің ойымша Rolls-Royce және Mercedes иелері көбірек төлеуі керек. Газ тұтынушы автокөлік жүргізушілері әділ төлеуі қажет. Әсіресе осы көліктердің иелері. Неліктен олар "Жигули" немесе басқа көліктердің иелерімен бірдей баға төлеуі керек? Бүгінде біз барлық көлік иелерін субсидиялаймыз. Өңірде 150 мыңнан астам көлік бар, олардың 80 пайыздан астамы сұйық отынды пайдаланады. Қалай болғанда да Rolls-Royce және Mercedes иелері есеп бойынша төлеуі керек. Өйткені мұндай көліктерді ондаған, кейде жүздеген мың долларға сатып алуға мүмкіндігіңіз болса, мемлекеттік субсидияны неге пайдалануыңыз керек?", - деп ашуланды Маңғыстау облысының әкімі журналистердің сауалдарына жауап беріп.