11 мам, 2023 сағат 12:07

"Мен көп адамның жолын кестім" - Атырауда көлігі өртенген журналист

Фото: Tengrinews.kz

Көлігі өртенген атыраулық журналист Виктор Сутягин оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен сағат 17:00-де үйге келдім. Көлігімді аллеядағы көп көліктің арасына қойдым. Ауламыз өте тыныш. Сағат 00:00-де көліктен үй жануарларына арналған тағамды алмағаным есіме түсіп сыртқа шықтым, сосын оны алып келіп ұйқыға жаттым. Сағат таңғы 4:00-де көлігім өртенгенін айтып оятты. Тұрсам, көлік әлдеқашан жанып кеткен екен. Бейнебақылау камерасына түскен видеода көлікке жақындап, оны өртеген адам көлік жарылғанда өзі де зардап шеккені көрінеді. Жарылыс болған кезде ол капоттың қасында тұрған. Мен жарылысты естімедім, бірақ көршіледің барлығы жиналған. Әрине, мен көп адамның жолын кесіп, өңірдегі түрлі мәселелерді көтердім. Бірақ әзірге ешкімді кінәлай алмаймын, көлігімде сақтандыру бар", - деді журналист.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та белгісіз біреу журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жібергені хабарланған еді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Сутягин - Атырауда танымал журналист. Ол 67 жаста. "ҚазАқпарат" ХАА-тің меншікті тілшісі болып жұмыс істейді. Бұған дейін "Каспийская коммуна", "Караван", "Казахстанская правда" және басқа да ақпарат құралдарында қызмет еткен.