15 сәу, 2021 сағат 14:06

Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы алымынан табыс салығы қалай ұсталатынын түсіндірді

Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделу ақысын төлеуге пайдаланған кезде жеке табыс салығын ұстап қалуға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Инвестициялық табысқа салық салына ма?

Шынында да, зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады.

Жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кірісті айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен міндетті зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналары шегерілетінін ескеру қажет. БЖЗҚ-ға аударылған кезде мұндай жарналарға ЖТС салынбайды.

Өз кезегінде, инвестициялық кірістер салық агенті төлейтін басқа да кірістер ретінде төлем көзінен ЖТС салынады. Бұл жағдайда БЖЗҚ салық агенті болып табылады (Салық кодексінің 321-бабының 17) тармақшасы, 353-бабының 5-тармағы енгізу туралы Заңның 33-бабында жазылған редакцияда).

Тиісінше, зейнетақы түріндегі зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі осындай кірістерден төлем көзінен ЖТС Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұсталады.

Басқаға беру кезінде зейнетақы алымдарына салық салына ма?

Салық заңнамасында (Салық кодексі және Салық кодексін енгізу туралы Заңның 33-бабы) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі бар жеке табыс салығын (ЖТС) есептеуге, ұстап қалуға және төлеуге қатысты ережелер көзделген (тиісінше 353-1 және 351-1-баптар). Бұл ретте ЖТС бір мезгілде ұсталатын жағдайлар көзделген.

Сонымен бірге, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде алған жұмыстар мен қызметтерді қоса алғанда, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде мүлік салық салынатын кірістен алып тасталады (яғни ЖТС салынбайды).

Бұл норма Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 33) тармақшасы)

Тиісінше сыйға тарту арқылы берілген біржолғы зейнетақы жинақтары осындай сыйды қабылдаған жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен алып тасталады. Яғни, сый алушы жеке тұлғада ЖТС ұсталмайды.

Бұл ЖТС-ті осындай төлемді берген тұлға ғана төлейтінін білдіреді.

Бұдан бұрын МКК-да ЖТС сомасын ұстап қалуды жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жүргізетіні хабарланған болатын:

1) бір рет - БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде;

2) БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.