10 мау, 2021 сағат 13:08

Мемлекеттік аудит 87 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады - министр


ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы мемлекеттік аудит нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы 5 айда камералдық бақылаумен 3,9 трлн теңгеге 448 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысына сәйкес, 13 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды», - деді Қаржы министрі бүгінгі Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы 12,5 мың хабарламаны орындаған. 1 416 аудиторлық іс-шара өткізілді. 840 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылған. 

«87 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 68 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 227 ұсыным берілді», - дейді Жамаубаев.