18 қар, 2021 сағат 22:35

Мемлекеттер осалдығы рейтингінде Қазақстан 179 елдің арасында 116-шы болды


Мемлекеттер осалдығы бойынша рейтингіде Қазақстан 179 елдің ішінде 116-шы орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер осалдығы бойынша Қазақстан 2021 жылы 179 елдің ішінде 116-шы болды. Қазақстан осалдығының көрсеткіші – 61,2. Бұл – қауіптіліктің біркелкі деңгейі.

Мемлекеттердің осалдығы индексі елдің белсенді конфликтке дейінгі, конфликт барысындағы және одан кейінгі позициясының әлсіздігін бағалайды. Индекс ұйымшылдық, экономикалық және саяси жағдай, әлеуметтік сала сияқты төрт бағытты, сондай-ақ елдің осалдығын өлшеу үшін қолданылатын конфликт қатерінің 12 индикаторын қамтиды (қауіпсіздік аппараты, элиталардың фракцияларға бөлінуі, топтық наразылық, экономикалық құлдырау, біркелкі емес экономикалық даму, адамдардың бас сауғалап кетуі және елден көшуі, мемлекеттің легитимдігі, қоғамдық қызметтер, адам құқықтары және заң үстемдігі, демографиялық қысым, босқындар, сыртқы араласу). 

Көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, ел соншылықты әлсіз дегенді білдіреді. 

Қазақстанның елдің легитимділігі (8,2 ұпай), топтық көңіл толмаушылық (8 ұпай) және элиталардың фракцияларға бөлінуі (7,6 ұпай) бойынша көрсеткіштері жоғары.

Ең осал елдер рейтингін Йемен, Сомали және Сирия бастап тұр. 

ТМД-ның өзге елдерінің көрсеткіштері Қазақстаннан нашар болып шықты. Қырғызстан – 68, Әзербайжан және Тәжікстан – 71, Ресей – 74, Өзбекстан – 80, Армения және Украина – 91, Түрікменстан – 97, Беларусь – 98 және Молдова 103-орында орналасқан. 

Әлемнің ең тұрақты елдері ретінде Финляндия, Норвегия және Исландия аталды.