04 мау, 2021 сағат 12:29

Мемлекет мүддесі 23,6 млрд АҚШ долларына қорғалды – Әділет министрі


Бүгін халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекет мүддесін қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2003-2020 жылдар аралығында мемлекет мүддесі 23,6 миллиард АҚШ долларына қорғалды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы үш іс, яғни «Gold Pool», «World Wide Minerals», «Alhambra» бойынша мемлекет мүддесі 1,4 миллиард АҚШ долларына қорғалды.