24 қаң, 2023 сағат 18:14

Мемлекет басшысы жаңа сенаторларды тағайындады

Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын" - делінген ресми хабарламада.

Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.