Мемлекет басшысы «Tech Garden» инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық кластер орталығында орналасқан 4 технологиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Инновациялық кластердің жұмысына 284 ұйым біріктірілген. Олардың қатарында 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қарасты 166 компания, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар.
Мемлекет басшысы «Tech Garden» орталығының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.