Ұлт порталы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін ұсынады.
Құрметті кеңес мүшелері!
Еліміз бір айдан кейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл – бүкіл халқымыз үшін айрықша мәні бар мерейлі белес. Сондай-ақ, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды меже. Осыған орай, қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Мен бұған айрықша мән беріп отырмын.
Жалпы, отыз жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылған реформалар өмірімізді түбегейлі өзгертті. Бұл бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетеді. Біз осы тарихи белеске мықты мемлекет және біртұтас ұлт ретінде жетіп отырмыз. Бірақ жетістіктерге тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз. Алға ұмтыла береміз.
Саяси жаңғыру, экономика құрылымын өзгерту, әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары тың қарқынмен жалғасуда. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор үлес қосуда.
Кеңес алғаш құрылған күннен бастап тиімді пікірталас орталығына айналды. Басқосуларда сан түрлі бастама көтерілді.
Оның бәрі жан-жақты талқыланды. Елге қажет және өміршең ұсыныстар нақты реформаға ұласты.
Ұлттық кеңестің бастамаларын жүзеге асыру үшін 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Оның ішінде заңдар, Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулылары, министрліктердің бұйрықтары бар. Осыдан-ақ Ұлттық кеңестің тиімді жұмыс істеп жатқанын аңғаруға болады.
Кеңес өз қызметін инклюзивті, ашық және жүйелі жүргізіп келеді. Оның мүшелері, өңірлерге шығып, ел ішіндегі белсенді азаматтармен жиі кездесіп жүр. Осылайша, халықпен тиімді байланыс жасау тәжірибесі қалыптасуда.
Кеңес мүшелеріне азаматтық ұстанымы және елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған жемісті қызметі үшін ризашылығымды білдіремін.
Құрметті әріптестер!
Біздің мақсатымыз барлық саланы жаппай реформалау емес. Мағынасыз диалогтың да ешкімге қажеті жоқ. Кез-келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсарту үшін жасалуы керек. Мемлекеттілігімізді нығайтып, әлеуетімізді арттыруды көздейтін ұсыныстарды ғана жүзеге асырған жөн. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.
Ұлттық кеңес қызметіне кірісер кезде қаншама күдік пен күмән болды. Реформа түбегейлі өзгеріс әкелмейді, үстірт жасалады деген пікірлер айтылды. Алайда, жұмыс нәтижесі мұндай пайымның қате екенін көрсетті.
Кеңес екі жылдың ішінде еліміздегі көптеген оң өзгеріске жол ашты. Болашақ ұстаздар мен дәрігерлердің, докторанттардың стипендиясы көбейді. Жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылардың жалақысы өсті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім берудің жаңа ережелері бекітілді. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға берілетін субсидия екі есе ұлғайды. Игерілмей жатқан жер теліміне салынатын базалық салық ставкасы артты. Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салынды. Осы жылдан бастап жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілді. Оны жылжымайтын мүлік сатып алуға, ипотекалық несиені өтеуге және емделуге жұмсауға болады. Соның арқасында жарты миллионнан астам азаматымыз зейнетақы жинағын өз қажетіне жаратты.
Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды қолдайтын бірқатар шешім қабылданды. Биыл алғаш рет көп балалы, мүгедек баласы бар және толық емес отбасылардың балаларына білім гранты берілді. Соның нәтижесінде осындай отбасында өскен 5 мыңнан астам жеткіншек тегін оқуға мүмкіндік алды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беру үшін бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды. Қазір бір балаға 730 мың теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Буквально месяц назад в шести регионах начата реализация пилотного проекта проактивного заочного оказания услуги по установлению инвалидности. Она востребована среди наших сограждан и с нового года будет переведена на новый формат по всей стране.
Другой показательный пример – внедрение «сплошного» видеонаблюдения в служебных помещениях полиции и учреждениях уголовно-исполнительной системы. Эта работа полностью завершится до конца 2023 года. Однако уже до конца текущего года видеонаблюдением будут охвачены все отделы полиции.
Системный эффект имеют политические преобразования. При вашем непосредственном участии сформировано четыре пакета реформ, направленных на дальнейшую демократизацию страны.
Так, введение тридцатипроцентной квоты для женщин и молодежи в избирательных списках подтолкнуло партии существенно пересмотреть свои подходы к работе.
Если раньше доля этой категории граждан в партийных списках не превышала 20%, то после введения квоты она достигла 34%. У женщин и молодежи появились дополнительные возможности для реализации своего потенциала.
Но мы идем дальше – теперь гендерная и молодежная квота будет работать и при распределении депутатских мандатов партий.
Для дальнейшего строительства инклюзивного общества я также предложил расширить перечень квотируемых категорий в избирательных списках партий, включив в него лиц с особыми потребностями.
Большим шагом на пути демократизации нашего общества стало введение прямой выборности акимов городов районного значения, сел, поселков и сельских округов.
В этом году в стране были избраны более 800 сельских акимов. В результате этих выборов их состав обновился наполовину.
Активность партий, большое количество самовыдвиженцев и высокая явка избирателей продемонстрировали своевременность и востребованность этой реформы. И все это – лишь небольшая часть инициатив Национального совета, реализация которых напрямую влияет на жизнь казахстанцев, улучшает качество государственного управления, способствует дальнейшему развитию нашей страны.
Уважаемые члены Совета!
В рамках сегодняшнего заседания планирую представить очередной блок инициатив. Они являются еще одним промежуточным результатом нашей работы и будут способствовать решению конкретных проблем в стране.
БІРІНШІ. Ауыл әкімдерін сайлау институтын жетілдіру
Бұл науқан бүкіл еліміз бойынша ойдағыдай өткізіліп жатыр. Сайлау заңнамасының талаптары қатаң сақталуда. Сарапшылар мен ауыл тұрғындары осы бастаманың өте орынды екенін айтуда. Дегенмен, сайлау үдерісін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бастамашыл топ осыған орай кешенді сараптама жасау үшін өңірлерге арнайы барып қайтты. Оның құрамында Ұлттық кеңестің және Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері бар.
Презентован специальный доклад с конкретными рекомендациями, нацеленными на совершенствование механизма прямой выборности сельских акимов.
Важно, что Национальный совет не просто выдвигает реформы, но также всесторонне их анализирует, внося необходимые корректировки. На некоторых таких дополнениях хочу остановиться отдельно.
Члены Совета Александр Данилов, Гульмира Илеуова, Марат Шибутов предложили закрепить норму, позволяющую гражданам со средним специальным образованием выдвигаться на должность акимов сел.
Считаю, что такое нововведение усилит конкурентность выборов на местном уровне, особенно учитывая, что в селах есть много компетентных, опытных, деятельных людей, пользующихся доверием народа, но при этом не проходящих через существующий образовательный ценз.
Опыт показывает, что для кандидатов в акимы, особенно самовыдвиженцев, актуальным является увеличение периода агитационной кампании. В этой связи целесообразно рассмотреть возможность корректировки ее сроков.
Кроме того, предлагается применять дифференцированный подход при финансировании избирательных кампаний. Если в малонаселенных селах северных регионов нынешнего объема средств вполне хватает для покрытия расходов на агитацию, то на юге, где высокая плотность населения, его явно недостаточно. Считаю, что указанные рекомендации направлены на улучшение механизма выборности сельских акимов. Поэтому их нужно детально изучить. Поручаю Администрации Президента подготовить и внести мне конкретные предложения.
ЕКІНШІ. Білім беру саласының өзекті мәселелерін шешу
Кез-келген адамның бәсекеге қабілеті оның білім деңгейіне тікелей байланысты. Әрбір азаматтың өмір бойы сапалы білім алуына қажет жағдай жасау – мемлекеттің міндеті.
Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұр. Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға тиіспіз. Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесіне бірыңғай талап қойылуы қажет. Сол үшін бәріне ортақ ереже әзірлеу керек.
Қазір оқу орындары күзет агенттігімен бір жылға келісім-шартқа отырады. Әдетте, оны жылдың басында жасайды. Бұл – оқу жылының ортасы деген сөз. Мұндай келісім-шарттарды ұзағырақ уақытқа, мысалы үш жылға жасаған тиімді болар еді. Оған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу қажет.
Сондай-ақ, оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға төтенше жағдай кезінде не істеу қажеттігін үйреткен жөн. Қатерлі сәтте әрбір адам дұрыс әрі шұғыл әрекет жасай білуге тиіс. Сонда ол өзін ғана емес, өзгені де құтқара алады.
Мектептердегі орын тапшылығы – өте өзекті мәселе. Мен биылғы Жолдауымда 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма бердім. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы осы тапсырманы сапалы әрі тиімді орындауына қарай бағаланады.
Қазір мектеп салу үшін жер телімін алу айтарлықтай қиындық туғызатын болды. Өңір әкімдеріне барлық мектепке жер телімін алдын-ала бөлуді тапсырамын.
Елді мекеннің жоспарын жасап, тұрғын үй салған кезде әлеуметтік нысан болу қажеттігі ескерілуге тиіс. Бұл – заңнамада көрсетілген талап. Бірақ, жергілікті атқарушы органдар белгіленген талапты орындай бермейді. Тағы да қайталап айтамын. Тұрғын-үй алаптары бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек. Үкіметке заңның сақталуын қатаң бақылауды тапсырамын.
Тағы бір мәселе бар. Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі, бір сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз.
Сонымен қатар, мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуға тиіс.
Мектеп 2500 балаға арналса, соған сай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спорт залдары, асханалар, зертхана және оқу кабинеттері болуға тиіс. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу қажет.
Келесі мәселе. Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны – шамамен 4 миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді, қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс, яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл – қаражат студенттің арнайы есеп-шотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек. Бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады.
Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы керек.
Елімізде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне және қосымша білім алуына жағдай жасалуда. Алайда, мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жеке адамдар иеленіп жатыр. Әсіресе, оқушылар сарайы мен музыка мектептеріне, балабақшаларға көз тігушілер көп. Сондай бір оқиға жуырда Алматыда болды. Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек. Үкіметке мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жеке меншікке беруге заң жүзінде шектеу қоюды тапсырамын.
Бүгінде елімізде медицина кадрлары тапшы. Бұл салаға 4 мыңға жуық қызметкер жетіспейді. Облыс орталықтарында, әсіресе, аудандар мен ауылдарда білікті дәрігерлер аз. Өйткені, аймақтарда оларға қажетті жағдай жасалмаған. Өңір әкімдері осы мәселемен белсенді түрде айналысуға тиіс. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән беру қажет.
Кадр тапшылығының тағы бір себебі – мамандардың шетелге кетуі. Жыл сайын жоғары медициналық білімі бар мыңнан астам азамат өзге елге қоныс аударуда. Ал шетелде оқыған өз мамандарымыз Қазақстанда оқуын жалғастырамын десе, алдынан түрлі кедергі шығады. Олар клиникалық тәжірибеден өткісі келсе де, қиындыққа тап болады.
Ұлыбритания мен АҚШ-тың әйгілі медициналық жоғары оқу орындарында білім алған жастарымыз аз емес. Олардың бірқатары елге оралған соң мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмағаны туралы мәліметтер де бар. Бұл дұрыс емес.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің белді оқу орындарында медициналық білім алған азаматтарымызға еш кедергі болмауы керек.
Олардың дәрігер болып жұмыс істеуіне рұқсат беру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажет.
Сондай-ақ, бізде жоғары технологиялы медициналық құрал-жабдықтың қыр-сырын білетін білікті маман тапшы. Бұл мәселені Ұлттық кеңестің мүшесі Тәттігүл Талаева көтерген болатын.
Денсаулық сақтау жүйесіне қажет техникалық кадрларды даярлау ісін қолға алған жөн. Мамандарды, әсіресе биоинженерлерді оқытуға медициналық техника шығаратын компанияларды барынша тарту керек.
Медициналық құрал-жабдықтарды күтіп ұстау аса маңызды. Бұл жұмыспен кешенді түрде айналысу қажет. Үкіметке медициналық техниканы жөндеп, оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын. Бұл саладағы жұмыс жүйеленсе, бюджет шығыны азаяды. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі техника бұзылып, босқа тұрмайтын болады.
Жалпы, білім сапасы жақсарса, тұтас ұлттың бәсекеге қабілеті артады. Осы салаға салынған инвестиция болашақта еселеп қайтады. Жастардың табысқа жетуіне және ел игілігі үшін еңбек етуіне жол ашылады.
ҮШІНШІ. Цифрлық технологияны барынша енгізу
Цифрландыру – мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы. Мен жақында арнайы комиссияның отырысын өткіздім. Алдымызда тұрған жаңа міндеттерді айқындадық.
Біз цифрландыру қарқынын еш бәсеңдетпеуіміз керек. Бұл үрдіс барлық саланы қамтуға тиіс. Бірнеше мысал келтірейін. Қазір ақпараттық базалардың арасында байланыс жоқ. Соның салдарынан қағаз жүзінде құжат талап ету үрдісі әлі де сақталып отыр. Ұлттық кеңестің мүшесі Ләззат Қожахметова және Уайс Ерсайынұлы осы мәселеге тоқталды.
Мәселен, Электронды Үкімет базасына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін қызмет түрлері енгізілген. Онда атаулы әлеуметтік көмек немесе көп балалы анаға төленетін жәрдемақы алатын азаматтар туралы мәлімет бар. Соған қарамастан жергілікті атқарушы органдар және білім беру мекемелері тұрғындардан мөр басылған қағаз анықтама талап етеді. Биыл Халыққа қызмет көрсету орталықтары осындай екі миллионнан астам құжат берген. Қазіргі цифрландыру дәуірінде мұның еш қажеті жоқ. Қарапайым мәселені мемлекеттік органдар өздері қиындатып отыр.
«Электронды үкіметтің» базасына әкімдіктердің, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерін қосу керек. Сонда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жеңілдетеміз, азаматтардың уақытын үнемдейміз.
Құжат айналымын және іс жүргізуді цифрландыра берген жөн. Қазір елімізде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр. Бұл жүйе еңбек кітапшаларынан бас тартуға және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Дегенмен, жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерінен еңбек кітапшасын, жеке парағы мен жазбаша өмірбаянын тапсыруды талап етеді. Азаматтардың бұған наразылық білдіруі орынды. Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет. Осы мәселені Ұлттық кеңес мүшелері және басқа сарапшылар да көтеріп жүр.
ЧЕТВЕРТОЕ. Совершенствование залоговой политики банков и регулирования оценочной деятельности
В сентябре в Алматы во время принудительного выселения произошло трагическое событие, которое потрясло наше общество. Это преступление, которому нет никакого оправдания.
Мы живем в правовом государстве, в котором все спорные вопросы должны решаться в строгом соответствии с законом. Вершить самосуд никому не позволено. Эта трагедия обнажила необходимость системного решения проблемы неисполнения заемщиками долговых обязательств, несовершенства и непрозрачности изъятия, реализации и неадекватной оценки банками заложенной недвижимости.
Сегодня 540 тысяч наших сограждан имеют просроченную на более чем 90 дней задолженность общим объемом 354 миллиарда тенге.
Необходимо принять взвешенные меры для поддержки заемщиков без ущерба финансовому сектору.
Требуется обеспечить гибкость залоговой политики банков второго уровня и усилить регулирование оценочной деятельности.
Заемщику должно быть предоставлено право самостоятельной реализации залогового имущества в течение трех месяцев до применения мер принудительного взыскания и дополнительно трех месяцев в рамках исполнительного производства.
Нужно ограничить наложение взыскания на залоговое имущество, если размер просроченной задолженности составляет менее 15% от его оценочной стоимости, а период просрочки не превышает шести месяцев.
Далее. В случае если реализованное имущество заемщика не покрывает сумму основного долга, его оставшаяся задолженность должна списываться.
Но только при условии, что у должника нет иного имущества и его доход не превышает двукратный размер минимальной заработной платы.
Требуется обеспечить прозрачность и справедливость аукционных торгов.
Заложенное имущество, выставляемое на аукционные торги, не должно продаваться ниже 75 % от его оценочной стоимости.
Вместе с тем на такие торги нельзя допускать залогодержателей, то есть банки, а также их работников, аффилированных с ними и доверенных лиц.
Необходимо исключить одновременное участие в торгах должника и его близких родственников.
Предстоит также ужесточить требования к оценщикам. Их опыт работы должен составлять не менее трех лет. При этом оценщики каждые три года должны проходить курсы повышения квалификации.
Нужно внедрить отчетность оценщиков и создать реестр неблагонадежных оценщиков.
Кроме того, следует ужесточить порядок приостановления и прекращения лицензии на оценочную деятельность. Приостановление должно производиться на 3 года без права обжалования, прекращение – на 5 лет.
При повторном нарушении следует лишать права допуска к оценочной деятельности навсегда.
Как я уже ранее поручал, Правительству совместно с Национальным банком, Агентством финансового регулирования и Парламентом необходимо обеспечить принятие соответствующих законодательных норм до конца текущего года.
ПЯТОЕ. Повышение эффективности бюджетной политики
При бюджетном планировании и расходовании государственных средств все принимаемые решения должны быть максимально эффективными. Важно понимать, от каких проектов страна получит наибольшую пользу, а какие могут подождать до лучших времен.
Следует в полной мере использовать результаты анализа социально-экономического эффекта. Сейчас разрабатывается соответствующий механизм их комплексной оценки, мониторинга и применения. Необходимо завершить разработку и полноценное внедрение данного инструмента.
Неправильные управленческие решения при формировании бюджета влекут дополнительные риски ухудшения экономической ситуации в стране. Поэтому Правительству предстоит выстроить комплексную систему управления государственными расходами, которая позволит использовать бюджетные средства в соответствии с национальными приоритетами.
Наряду с этим на эффективное бюджетное планирование и в целом госполитику прямое влияние оказывает градация населения по различным критериям.
В частности, актуальным является вопрос разработки единой шкалы, определяющей возрастные рамки молодежи.
Во многих странах верхняя возрастная планка молодежи повышается до 35 лет. Это происходит из-за увеличения среднего возраста вступления в брак и количества времени, которое люди тратят на обучение и повышение квалификации.
Наша страна – не исключение. При этом у нас нет единого подхода по этому вопросу.
К примеру, в ряде социальных программ, в национальной статистике и при формировании партийных списков молодежью считаются лица не старше
29 лет.
А при отборе в Президентский молодежный кадровый резерв и конкурсе на грантовое финансирование молодых ученых участвуют граждане не старше 35 лет. В связи с этим необходимо всесторонне изучить международный опыт, соотнести этот опыт с нашими реалиями и принять соответствующие решения.
ШЕСТОЕ. Дальнейшее укрепление системы защиты прав человека
Прежде чем остановиться на конкретных инициативах по данному блоку, хочу особо отметить высокую результативность работы Нацсовета в продвижении правозащитной проблематики.
Как вы знаете, я уделяю этой сфере особое внимание, поскольку ее состояние в конечном счете влияет на уровень развития нашего общества.
Мы шаг за шагом движемся по пути построения правового и справедливого государства.
В июне текущего года мною был подписан Указ «О дальнейших мерах Республики Казахстан в области прав человека», нацеленный на комплексную модернизацию правозащитной сферы.
Ранее по моей инициативе наша страна присоединилась ко Второму Факультативному протоколу к Международному пакту о гражданских и политических правах, направленному на отмену смертной казни.
В недавнем Послании я поручил гармонизировать нормы уголовного кодекса с его положениями и принять закон. Соответствующая работа проводится. Вместе с тем среди наших правозащитников развернулась дискуссия на эту тему. В частности, речь идет о том, что разрабатываемый законопроект имеет половинчатый характер и предполагает отмену смертную казни в Казахстане с рядом исключений.
О ключевых аспектах этой дискуссии сегодня убедительно высказалась Жемис Турмагамбетова. Считаю, что правозащитники правильно ставят вопрос.
Отмена смертной казни должна быть принята без каких-либо оговорок, тем более, если так можно выразиться, они носят умозрительный характер. Поэтому, я полагаю, Парламент прислушается к моей позиции, также, как и к позиции членов Национального совета.
Далее. Одним из приоритетов государственной политики является поддержка материнства и детства.
Приходится констатировать, что женщины гораздо чаще, чем мужчины, вынуждены совмещать работу и обязанности по уходу за ребенком. Если же мама берет декретный отпуск, она теряет профессиональные навыки и компетенции. Как результат, женщины становятся менее конкурентоспособны на рынке труда.
Сложнее всего приходится одиноким родителям, которым проблематично организовать должный присмотр за своими детьми. Для них необходимо создавать особые условия труда.
Следует на законодательном уровне предусмотреть право одиноких родителей на удаленный формат работы и сокращенный режим занятости.
В развитых странах все чаще крупные компании открывают в своих офисах детские комнаты. Подобная практика должна стать нормой и у нас.
Для этого нужно внедрять эффективные механизмы регулирования режима труда, учитывающие интересы данной категории работников. При этом важно обеспечить бесперебойность трудовых процессов и соответствующую производительность.
К сожалению, в нашем обществе женщины нередко становятся жертвами семейно-бытового насилия. На пятом заседании Совета мы с вами обсуждали эту тему и приняли конкретные решения для улучшения ситуации. В частности, по моему поручению были восстановлены спецподразделения по защите женщин и детей от насилия. Преобразования в этом направлении нужно продолжить.
Большое значение имеет эффективная профилактика семейно-бытового насилия. Следует проводить системную социальную, реабилитационную и воспитательную работу с дебоширами.
В целом требуется принять комплекс мер для снижения уровня насилия в обществе. Он должен охватывать вопросы семейного воспитания, образования, культуры.
Важно, чтобы ограничения, накладываемые на правонарушителей, исполнялись на практике. Поэтому полицией начато совершенствование института защитного предписания.
К примеру, следить за соблюдением предписаний должны и патрульные полицейские, которые несут службу круглосуточно. Это позволит усилить контроль за лицами, совершающими семейно-бытовое насилие, и снизит риск подобных правонарушений.
Как вы знаете, ранее «побои» и «умышленное причинение легкого вреда здоровью» были выведены из категории уголовных преступлений. Это позволило в разы увеличить выявляемость – с 700 фактов в год до 20 тысяч.
Для повышения профилактического эффекта следует проработать необходимость ужесточения ответственности за данные административные правонарушения.
Сейчас согласно моему поручению проводится работа по оптимизации всего уголовного законодательства.
В частности, будут всесторонне исследованы проблемы противодействия преступлениям против личности, в том числе в семейно-бытовой сфере. По итогам этой работы нам нужно определиться и с целесообразностью криминализации вышеуказанных административных деяний.
На площадке Совета неоднократно поднимались вопросы по защите прав потребителей. Например, члены Национального совета Марат Башимов и Мурат Абенов указывают на несовершенство закона «О защите прав потребителей». Это действительно актуальная проблема, поэтому Министерство торговли и интеграции разрабатывает соответствующие поправки в законодательство. Они должны быть направлены на всестороннюю и эффективную защиту прав потребителей.
В последние годы неуклонно растет количество мошеннических преступлений. Только за 9 месяцев текущего года в стране зафиксировано 32 тысячи фактов мошенничества. Половина из них была осуществлена через Интернет. Такие случаи имеют место ввиду того, что изменения в кредитной истории обновляются в срок до 15 рабочих дней.
Наряду с этим имеются факты оформления одним человеком нескольких кредитов в разных банках. Кредиторы попросту не видят резкий рост долговой нагрузки граждан и не могут объективно ее рассчитать. Более того, это негативно отражается и на субъектах финансового рынка, увеличивая портфель неликвидных займов.
Член Совета Марат Шибутов ранее предлагал законодательно сократить сроки передачи информации в кредитное бюро до одного рабочего дня. Следует изучить данное предложение.
В целом государство при активной поддержке гражданского общества, экспертов нацелено на последовательное решение всех наболевших вопросов в сфере защиты прав человека. Работы впереди очень много. Все высказанные сегодня инициативы и меры направлены на улучшение качества жизни казахстанцев, соблюдение прав и свобод сограждан.
Государственные органы должны обеспечить полную и своевременную реализацию обозначенных задач и приоритетов.
Баршаңызға мәлім, қандастарымыздың өз Атажұртына оралу мәселесі туралы Тұңғыш Президентіміз бірқатар маңызды тарихи шешім қабылдаған еді.
Ұлы көш 1991 жылы басталды. Бұған Елбасының тапсырмасымен Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қабылдаған №711 Қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды. Көп ұзамай Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты Жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды. Соның нәтижесінде бір жарым миллионнан астам қазақ Отанына оралды. Бүгінде олар егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Солардың ішінде Ауыт Мұқибек және тағы басқа қоғам қайраткерлері ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн белгілеу қажеттігін айтып жүр. Үкіметке осы тарихи датаны атаулы күндер тізбесіне қосу мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын.
Қоғамда жиі айтылып жүрген тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Бұл тақырыпты Ұлттық Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көтерген болатын.
Соңғы кезде шекара бойындағы елді мекендерде халық саны азайып бара жатқаны жасырын емес. Мұның өзіндік себептері бар. Бірақ, шекара маңын бос қалдыруға болмайды. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар мәселе. Оны жүйелі түрде шешу қажет. Қомақты қаражат керек болады. Үкіметке мұны жан-жақты қарастырып, шекаралас аймақтарды дамыту жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын.
Құрметті Кеңес мүшелері, жиынға қатысушылар!
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аз уақыттың ішінде толыққанды институтқа айналды. Бұл құрылым елімізді жаңғырту үдерісіне тың серпін беруде.
Біз мәселелерді кешенді түрде қарау үшін қоғам өкілдерін, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдырып келеміз. Соның нәтижесінде жан-жақты талқыланған маңызды шешімдер қабылдануда.
Ұлттық кеңес нақты реформа ұсынумен шектеліп отырған жоқ. Ең алдымен, оны жүзеге асыруға барынша атсалысуда. Бұл – көп еңбекті талап ететін ауқымды жұмыс.
Тұжырымдар мұқият талқыланып, заң жобалары сараптамадан өтеді. Сондай-ақ, қолданысқа енгізілген нормалардың тиімділігіне талдау жасалады.
Ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен еліміздегі өзгерістер туралы бірқатар сараптамалық құжат әзірленді. Дегенмен, Кеңестің талдау қызметі жүйелі әрі тұрақты болуы үшін зерттеу жұмыстарының кешенді жоспарын дайындау керек. Бұл ретте жаңғыру үдерістерін жан-жақты әрі терең зерттеуге баса назар аудару қажет.
Ұлттық кеңес реформаларға тұрақты мониторинг жүргізіп отырғаны абзал. Оны бұрмалауға немесе өзгерістер туралы жаңсақ пікір қалыптасуына жол бермеу керек. Қабылданған нормативтік актілер, саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық бастамалар тұрғындардың тұрмысына қалай әсер етіп жатқанын қадағалап отырған жөн.
Қолға алынған өзгерістер еліміздегі демократия қағидаттарын орнықтыра түсуге тиіс. Сондай-ақ, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі қажет.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға септігін тигізуі керек. Қазір елімізде реформалар жүргізіліп жатқанын ешкім жоққа шығармайды.
Барлық салада біртіндеп сапалы өзгеріс болып жатыр. Мұның барлығы еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан, әрбір реформаны тиянақты әрі түпкілікті жүзеге асыру аса маңызды. Ең бастысы, қоғамда жасампаздық рухы дәріптеле беруге тиіс.
Ашық пікірталас және мазмұнды диалог қашанда болуы керек. Бұл елімізді одан әрі өркендету үшін қажет. Халқымыз «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деп бекер айтпаған. Әдетте, мәселе жан-жақты талқыланса, дұрыс шешімі табылады. Бірақ, демократия деген желеумен қоғамға іріткі салатын әрекетке жол берілмейді. Мұны естен шығармаған жөн. «Плюрализмге ашық, радикализмнен қашық болуымыз керек». Біздің саясатымыздың басты ұстанымы – осы.
Сөз соңында тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Бұл – өте маңызды міндет.
Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту. Себебі, халқы мықты ел ғана қуатты мемлекет құра алады. Ал, ұлтымыздың кемелденуі үшін әрбір азамат өресі биік, парасатты болуға ұмтылуы қажет. Яғни, сана өзгермесе, бәрі бекер.
Шын мәнінде, жаңғыру тәрбиеден бастау алады. Сондықтан, біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруіміз керек.
Жастардың бойына ең ізгі қасиеттерді сіңіре білген абзал. Бұл – имандылық пен адамгершілік, отаншылдық пен ұлтжандылық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, ұқыптылық пен тиянақтылық.
Мен жақында белгілі дінтанушы, Ұлттық кеңестің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» деген кітабын оқып шықтым. Жастарға өнегелі тәлім-тәрбие беретін мұндай еңбектер елге қажет. Осындай кітаптарды кеңінен таратуымыз керек. Бізде ұшқыр ойлы жастар аз емес. Билік оларды қолдауы керек, оларға жан-жақты жағдай жасауымыз қажет. Жалпы, азаматтарымыздың ағартушылық жұмыспен көбірек айналысқаны жөн.
Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз. Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келіп, Қазақстан туралы жалған ақпарат таратуда. Осындай әрекеттерге қарсы тұру үшін ақпараттық кеңістік арқылы өзімізде де, шетелде де үгіт-насихат жүргізу керек.
Тағы да айтайын: Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздігіміз – бәріміз үшін ең құнды дүние. Тәуелсіздігімізді даңғаза ұрандармен емес, ақылмен, парасаттылықпен, біліммен, сабырлықпен қорғау қажет. Бұл мақсатқа жету үшін татулық керек.
Еліміздің біртұтастығы – реформаларымыздың табысты жүзеге асуының басты кепілі. Біз Тәуелсіздік кезеңінде толайым табысқа кенелдік. Оның бәріне бірлік пен ынтымақ саясатының арқасында жеттік. Сондықтан, осы құндылықтарды сақтай білейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!