10 шіл, 2020 сағат 11:26

Мемлекет басшысы: Қазақстанға шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тартуда елдің қазіргі мүмкіндіктерін толық пайдалануымыз керектігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус пандемиясы ең қызығы жаңа мүмкіндіктерге де жол ашып отыр. Сол себепті ішкі нарықты барынша толтырумен бірге біз бәсекеге қабілетті экспорттық тауарды құрып, ең қысқа уақыттың ішінде оларды нарыққа жеткізу ісін қамтамасыз етуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысының айтуынша, шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек.

«Инвесторлар тұрақты ортаны іздейді. Сол себепті біздің елдің қазіргі мүмкіндіктерін толық пайдалануымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.