Қасым-Жомарт Тоқаев академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ N1 Telegram арнасына сілтеме жасап.
Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне экскурсия жасады.
Мемлекет басшысы музей залдарын, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың жұмыс бөлмесін аралап көрді. Онда аса көрнекті геолог ғалымның жеке заттары, құжаттарының түпнұсқалары, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмысына қатысты материалдар қойылған.