Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметті инфляцияны 6-4 пайыз дәлізіне қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз инфляцияның бақылаусыз өсу проблемасымен бетпе-бет келдік. Үкімет пен Ұлттық банк бәрін әлемдік үрдіске жауып, инфляцияның алдында қауқарсыздық танытып отыр.
Мұндай сылтау ұлттық экономиканың әлсіздігін көрсетеді. Онда «біздің кәсіби экономистеріміздің рөлі қандай?» деген сауал туындайды.
Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару», - деді Президент.