27 нау, 2019 сағат 12:40

Мемлекет басшысы бюджетті қалыптастыруды қайта қарастыруды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті қалыптастырудағы қадамдарды қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылау кезінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қолданыстағы бюджет теңдестірілмегенін және қайта форматтауды талап ететінін атап өтті.

Осы орайда бірінші кезекті әлеуметтік құрамдауыш бөлігі өсіп келе жатқанын ескере отырып, бюджетті толықтыру көздерін түрлендіру әрі өрістету қажеттігі айтылды.

«Екіншіден, ол бюджеттің «өнімсіз шығындарына» қатысты. Қажетсіз шығындар өте көп. Біз бюджетке қатысты қатынасты түбегейлі өзгертуіміз керек», - деді Президент.