Мәжіліс республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген өзгерістерде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға 1 триллион 793 миллиард 730 миллион теңге жұмсау көзделген, оның ішінде:
- қаңтар оқиғасының зардаптарын жоюға - 37 миллиард 232 миллион теңге;
- күш құрылымдары мен төтенше жағдайлардың жауынгерлік әзірлігін және жарақтандыруын арттыруға - 441 миллиард 260 миллион теңге;
- халықтың табысын арттыру шаралары - 197 миллиард 106 миллион теңге;
- өңірлерді дамытуға шығыстар - 475 миллиард 776 миллион теңге;
- Азық-түлік қауіпсіздігі жоспары аясындағы іс-шаралар - 238 миллиард 14 миллион теңге;
- мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасы аясындағы іс-шараларға - 475 миллиард 947 миллион теңге;
- Президент бастамаларына арналған резервті қысқарту - 71 миллиард 604 миллион теңге.