23 қар, 2022 сағат 15:34

Мәжіліс спикері Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты


Мәжілістің жаңа құрамы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында сайланады. Бұл туралы төменгі палата спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Президент бұл туралы жариялайды. Әрине, осыдан кейін жаңа Үкімет құрылады", - деді Қошанов Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауынан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ екенін айтқан еді. Алайда Мемлекет басшысы өзгерістер болатынын мәлімдеді. Ол Парламент сайлауы бойынша жыл соңына дейін мәлімдеме жасайтынын жария етті.