03 қар, 2021 сағат 13:57

Мәжіліс энергия бағасын реттеуге мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады


ҚР Праламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар құжат жобасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған заң жобасындағы электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттық арқылы сату халықтың қалтасына қалай әсер ететінін сұрады.

Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шара керісінше, электр бағасын мемлекет тарапынан реттеуге мүмкіндік бермек. 

«Серік Мақашұлы, бұл жерде осы норманың жұмыс істейтінін қарапайым халық арадағы делдалдарды алып тастаған сәттен бастап көруі қажет. Бұл жерде схема қарапайым болу керектігі түсінікті. Өнім бағасы түсуі қажет. Орталықтандырылған биржалық сауда-саттық арқылы баға қымбаттап кетіп жүрмесін. Халық онда делдалдарды неге алып тастадыңыздар деп сұрайды. «Электронды сауданы заңдастырып едіңдер, баға шарықтап кетті» деп жүрмесін. Түсінемін, бұл – өте нәзік мәселе. Бірақ осы жерде агенттік нақты реттеу керек», - деді Нұрлан Нығматулин.