Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясы маусымда ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Досаев Әуезов ауданында көлік кептелісі жиі болатынын, бұл тұрғындардың жайлы өмір сүруіне кері әсер ететінін айтты.
"2022 жылдың маусымында Әуезов ауданындағы "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясын іске қосамыз. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", - деді мегаполис басшысы.