06 сәу, 2022 сағат 15:47

Маусым айына дейін дәрі тапшылығы болмайды – Ажар Ғиният


ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Украинадан әкелінуі тиіс дәрілердің орнын қашан толтыратындарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Украиналық дәрі жеткізушілердің орнына кімнің келетінін конкурс, тендер көрсетеді. Маусым айына дейін ол мәлім болады», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында. 

Сондай-ақ, ол бұған дейін Қазақстан Украинадан қандай дәрі-дәрмек алып келгенін айтты. 

«10 түрлі дәріні емханаларға сатып аламыз. Қалғанының бәрі стационарларға арналған. Қазір ол дәрілерді ұқсас дәрілермен алмастыру мәселесін қарап жатырмыз. Олар кейбір дәрілердің 40-70 пайызын жеткізіп үлгерген еді. Сондықтан, маусым айына дейін дәрі болады. Екі айдың ішінде қажетті дәріні басқалардан сатып аламыз», - деді министр.